Бейбітшілік және келісім күні

Бейбітшілік және келісім күні

Рухани келісім күні – татуласу күні, барлық этностар мен конфессия өкілдерінің, әртүрлі саяси және діни сенімдер жақтаушыларының өзара түсіністігі, сонымен қатар рақымшылық және жақынына көмек көрсету күні. Бұл дәстүр Алматы қаласында 1992 жылы өткен Әлемдік Рухани Келісім Конгрессінің алғашқы сессиясымен басталды. Конгрестің ашылу күні, яғни 18 қазан – Әлемдік Рухани Келісім, араздастық пен қақтығыстарға мораторий, татуласу жолдарын іздеу, адамдар арасында келісім орнату, мейірімділік күні деп аталды.

Облысымызда Рухани келісім күнін өткізуді келісу бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің және діни бірлестіктер клубының отырыстары оздырылды, онда ол күнді өткізу бойынша сұрақтар мен ұсыныстар талқыланды, ал дін істері басқармасымен «Рухани келісім – халықтар бірлігіне бастар жол» жоспары таныстырылды.

Аталған отырыстарға Департаменттің өкілдері қатынасты. Олар өз сөздерінде елімізде конфессияаралық келісімді дамытуға арналған бұл күнді атап өту маңызды орын алатынына тоқталды, өйткені Қазақстан саяси көзқарастары және діни сенімдері тәуелсіз көп этностардың мекені болып табылады.

Сонымен қатар, 2015 жылдың 7 қазанында Рухани келісім күні қарсаңында Департаментпен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы «Орал медресесі» (Ислам орта арнаулы білім беру оқу орны) діни бірлестігінде кездесу ұйымдастырылды.

Болашақ имамдардың алдында еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары туралы дәріс оқылды, соның ішінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі мақсаты мен міндеттері түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерде мемлекет пен қоғамның ынтымақтастығының маңыздылығы және рухани-өнегелік құндылықтарға тәрбиелеудегі діни қызметкердің орны туралы айтылды.

ТОО «Блог-платформа Your Vision»

702 Понравилось 2 Читают сейчас

Другие сценарии

Еще сценарий:   Сценарий праздника, посвященного 9 Мая, для подготовительной и старшей групп